Ресейден Қазақстанға қант өткізбек болғандар ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Ресейден біздің елімізге 60 тоннадан астам қант өткізбек болғандардың жолы кесілді. Еске салсақ, ол жақтан 31 тамызға дейін тәтті өнімді экспорттауға тыйым салынған еді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Омбы кедені өкілдерінің мәліметінше,мамандар екі апта ішінде тыйым салынған тауарларды экспорттауға жасалған екі әрекетті тоқтатқан. Бірінші жағдайда тасымалдаушы бидай ұнын экспорттау үшін құжаттарды ұсынған. Бірақ кеденшілер көліктің жүк бөлігіндегі тауарларды тексерген кезде, ұнның астында «ақ қызылша кристалды қант» салынған қаптар жасырылғанын анықтады. Тексеру және өлшеу 660 қапта 33 тонна қант барын көрсетті.

-6 шілдеде департамент қызметкерлері жалпы салмағы 29,9 тоннадан асатын қант партиясын экспорттауды тоқтатқан. Тасымалдаушы тауарды минералды тыңайтқышқа (карбамид) құжаттарға сәйкес алып шықпақ болған. Қант «Карбамид» (В сорты) бетбелгісі бар ақ полипропилен пакеттерге салынған,- деп хабарлады Россельхознадзор облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қала маңындағы электр пойызында өнімдердің шағын партиясын тасымалдамақ болған тәртіп бұзушылар да анықталды. Қанттың жалпы салмағы 590 келіні құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz