Солтүстікқазақстандық полицейлер жүргізушілерді жол жүру ережелерін сақтауға шақыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полицейлер «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша акция өткізді. Профилактикалық іс-шараның ұйымдастырушылары петропавлдықтарға апат кезінде зақымданған автокөліктерді көрсетті.
-Біздің мақсатымыз – тұрғындарға жол ережелерді сақтамаудың арты неге алып баратынын көрсету, ескерту, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 127 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 19 адам қаза тауып, 121 тұрғын зардап шекті.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен