Петропавл әуежайы кімге берілгені белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әуежайын сенімгерлік басқару мәртебесі Алматы қаласында тіркелген «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» ЖШС-ға берілді. Бұл туралы СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

-Қазір әуежай штаттық режімде жұмыс істейді. Сенімді басқарушы болған «Қызыл-Жар халықаралық әуежайы» өткен жылдан бастап бірлескен қызмет шарты бойынша әуежай қызметін жүзеге асырады және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бүгінде Алматыда тіркелген әуежай жарамдылық сертификатын ұзарту рәсімінен өтуде. Халықаралық рейстерді дамыту мәселелері әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар орындалғаннан кейін қаралатын болады, – деді ведомство басшысы Мақсат Баяхмет.

Мақсат Баяхмет  мүлік мемлекеттік меншікте қалатынын айтты. Сенімгерлік басқарушы мойнына алған барлық міндеттемелерді орындаған жағдайда жеке меншікке 5 жыл өткеннен кейін ғана берілуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz