СҚО полицейлері бір күнде тіркелмеген төрт қаруды тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

Өңірде шілденің 14-20 аралығында «Қару» акциясы жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер облыс аудандарында тегіс ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтаудың 4 фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алынған қарулар сараптамаға жіберілді. Заңсыз қару сақтаған тұрғындарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Полицейлер тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру мылтықты заңсыз сақтағаны үшін көзделген айыппұл не қылмыстық жазадан босататыны туралы еске салады.

Мәселен, Петропавлдың 63 жастағы тұрғыны полицияға орман ішінен тауып алған тегіс ұңғылы «ТОЗ БМ» мылтығын тапсырған.

– Тіркелген қарулардың иелері де тексерілуде. Облыс бойынша мұндай 7209 қару бар. Бір күннің ішінде 7 мылтық иесінің қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталды, бір адам қайта тіркеу мерзімін өткізіп алған. Полицейлер облыс тұрғындарынан заңнаманы қатаң сақтауды және тіркелмеген қару аса қауіпті екенін ұмытпауды сұрайды, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мадиев.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz