Петропавлдық Әмір Зәкіров Нью-Йоркте брейкингтен өтетін әлем чемпионатына қатысады

Авторы: Qyzyljar News

Брейкингтен Нью-Йоркте өтетін әлем чемпионатында ел намысын Петропавл қаласының тумасы Әмір Зәкіров қорғайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жерлесіміз финалға өту үшін конкурсқа қатысқан жоқ. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өз атағын қорғайтын болады.
2022 жылдың қараша айында бүкіл әлемнің үздік брейкерлері Нью-Йоркте өтетін Red Bull BC One 19-шы әлемдік чемпионатына қатысады. Әлем чемпионы атағы үшін ақтық баттл Манхэттен орталығындағы Хаммерштайн бал залында өтеді.

Шешуші финал алдында әлемнің 30 елінде 60-тан астам іріктеу турнирі өтеді. Алайда, чемпионатқа үздік деп іріктелген 32 үміткер қатыса алады.
Осыған дейін Әмір Зәкіров Польшада брейкингтен өткен ең ірі әрі беделді әлем чемпионатының финалында үздік деп танылған болатын. Айта кету қажет, петропавлдық брейкер беделді турнирдің жеңімпазы атанған санаулы қазақстандықтардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz