Сауда және интеграция министрлігі өңірлерде қант бағасы қанша теңге екенін айтты

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстандағы қанттың орташа бағасы килограммына 493 теңгені құрайды. Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қант Маңғыстау облысында арзан, онда тәтті 442 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ал қанты ең қымбат өңір – Қарағанды облысы (килограммы 564 теңгеден).

– 2022 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша елдегі қант қоры – 26,9 мың тонна. Фискалдық деректер операторының (нақты кассалық чектердің жиынтық деректері) ақпаратына сай, 12 шілдеде республика бойынша қанттың орташа бағасы келісіне – 493 теңге болды. Сауда және интеграция министрлігінің сауда департаменті күн сайын дүкендер мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді, – деді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері.

13 шілдедегі елдегі қант бағасы:
Нұр-Сұлтан қаласында килограммы – 495-850 теңге;
Алматыда – 445-740 теңге;
Шымкентте – 529-800 теңге;
Ақмола облысында – келісі 780 теңге;
Ақтөбе облысында – 489-638 теңге;
Алматы облысында – 459-850 теңге;
Атырау облысында – 680-800 теңге;
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында – 850-980 теңге;
Жамбыл облысында – 551-900 теңге;
Батыс Қазақстан облысында – 483-650 теңге;
Қарағанды облысында – 730-905 теңге;
Қостанай облысында – 520-930 теңге;
Қызылорда облысында – 518-800 теңге;
Маңғыстау облысында – 489-850 теңге;
Павлодар облысында – 690-900 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысында – 330-770 теңге;
Түркістан облысында – 518-800 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz