19 шілдедегі сауда барысында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 105,58 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ дүйсенбіде келісімшарт 5,1 пайызға өсті. Бұл сәуірдің басынан бергі ең үлкен пайыздық өсім. WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері барреліне 101,95 долларға дейін төмендеді. Тамыздағы WTI келісімшарты мерзімі осы аптада аяқталады, ал одан да көп сатылатын қыркүйектегі фьючерстері барреліне 98,79 долларға сатылды.