СҚО әкімдігінің өкілдері 15 вагон қант жеткізу үшін Тараз және Көксу зауытымен келісім-шарт жасалғанын айтты. Біреуі біздің өңірге әкелінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев жеткізілген қанттың бағасы – 450 теңге екенін айтты. «Радуга» ЖШС 500 теңгеден қосымша өнім сатып алған. Компания «Солтүстік» ӘКК-мен өнімді жеткізуге шарт жасасты.
-Арзан бағадағы қант тек үш вагон қалды. Баға нарықтағыдан төмен және халықа қол жетімді болу үшін құнын азайтуымыз мүмкін. ӘКК өнімдері «Тайга», «Дария», «Корона», «Океан», «Коммуналдық» базарларындағы тұрақтандыру қорындағы нүктелерде сатылады. Сатып алу құны өсті, енді қымбат бағамен келеді, — деді Данияр Исаев.
Маман қанттың келісі 800-900 теңгеден саудаланғанда тұрғындар шағымданып, базарларда тексеріс 2 рет жүргізілгенін айтты. Бағаны негізсіз көтеру бойынша 2 бұзушылық анықталған. Данияр Исаев сауда үстемесін асыра белгіленгендерге айыппұл қарастырылғанын атап өтті. Тексеру қорытындысы прокуратурада тіркелген.