СҚО-да омфалоцеле ауруымен туған шақалаққа ота жасалды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық балалар ауруханасында өте сирек кездесетін дертпен, яғни омфалоцеле ауруымен туған шақалаққа ота жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірер күн бұрын ғана дүние есігін ашқан шақалақтың ішектері мен басқа ішкі мүшелері қарын сыртына шығып тұрған. Әдетте омфалоцеле бар нәрестелерде ішек тек жұқа ұлпа қабатымен жабылған және оны оңай көруге болады. Сонымен қатар, баланың ұйқы безі аш ішекті басып тұрған.

-Бұл өте сирек кездесетін даму ауытқушылығы. Әйелдің құрсағындағы балада осындай дерт анықталған жағдайда жүктілік мерзіміне жетпей тоқтатылады немесе мұндай балаларды арнайы ғылыми орталықтарда тудырады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап, шақалақты аман-есен қабылдап алды. Баланы бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіп, жансақтау және қарқынды терапия көрсетілді, — дейді мамандар.

Омфалоцеле ауруымен дүниеге келген нәрестеге ауыр ота жасау қажет болды. Нұр-Сұлтан қаласынан профессор, Қазақстан Республикасының бас неонаталды хирургі Асылжан Ерекешовты шақыруға шешім қабылданды. Санитарлық авиациямен жеткізілген білікті маман балаға сағат 14.05-тен 15.30-ға дейін күрделі отаны жасады. Абырой болғанда, операция сәтті өтті. Шақалақ тірі, бірақ жағдайы өте ауыр. Бүгінде сәбиге барлық тиісті ем-дом көрсетілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz