СҚО-да екі жыл қатарынан қызылша ауырын жұқтырғандар тіркелген жоқ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда қызылшамен ауырғандар тіркелмеген. Мамандардың айтуынша, бұған вакцинаны уақытында алу сеп болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылша – қауіпті дерттердің бірі. Инфекция адамнан адамға жұғады. Қызылшамен ауырған адамның температурасы 38-40° C дейін көтеріледі. Ең басты белгісі – денеде бөртпе пайда болады. Сырқатта әлсіздік, бас ауруы болып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қызылшамен соңғы рет 2020 жылы 14 адам ауырған.

– Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Ондайда өкпе немесе ортаңғы құлақ қабынады. Кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) болуы мүмкін. Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін 2 айға дейін иммунитет төмендейді. Сондықтан да бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше науқас балалармен қарым-қатынастан шектеу қажет, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Ал қызылшаның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігерге көрінген жөн. Асқынған жағдайда жедел жәрдем қызметін шақырту керек.

– Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі – вакцинация. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде жасалса да, қызылшаның дамуына жол бермейді, — дейді Айнаш Сағандықова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz