Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Петропавлға жетті

Авторы: Qyzyljar News

Ұлытаудан жаяу шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев Петропавлға жетті. Ақсақал облыс орталығына дейін 12 облысты аралап, төрт жарым мың шақырымды еңсеріпті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиһанкез жолға 1 сәуір күні Қарағанды облысынан шыққан. Күніне кемінде 40 шақырымды жүріп өтетін қария бұл сапарында 5 аяқ киім тоздырыпты.

whatsapp image 2022 07 21 at 16.20.51 whatsapp image 2022 07 21 at 16.20.50

– Бұл сапарға шығудағы мақсатым – кең байтақ елімізді аралау, қазақтың тарихи орталығы Ұлытауды насихаттау. Әуелі Алланың берген қуаты ғой, кейін бүкіл халық қолдап тұрғанда мен қалай шаршаймын? Жігеріме жігер қосып, күннен-күнге ынталандырып жібереді. Ішіндегі заттарымен қосқанда арбамның салмағы 60 келі болады. Жолда бейнет көрмей болмайды. Басқа аймақтарда солтүстіктегідей тақтайдай тегіс жол жоқ, шатқалдар бар. Биікке көтеріліп келе жатқанда алдыңнан жел соғады. Оның үстіне жол бойымен ағылған көліктер қауіпті. Дөңгелектің астына түсіп кете жаздайсың. Қызылжар өлкесіндегі жолым басқа өңірлерге қарағанда жеңілдеу болды, – дейді саяхатшы Сәрсенбай Оспанұлы.

Сәрсенбай Оспанұлының ендігі бағыты Қостанай – Ақтөбе – Орал – Атырау – Ақтау арқылы өрбімек. Бұл сапарды алты жол бойы жоспарлағанын айтады.

-Жаратқан күш қуат берсе, ел бойынша сапарымды аяқтаған соң, Меккеге қажылыққа жаяу аттанамын», – дейді жиһанкез.

whatsapp image 2022 07 21 at 16.20.48

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz