Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Тайынша ауданына жетті

Авторы: Qyzyljar News

31 наурыз Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Тайынша ауданына жетті. 72 жастағы ақсақал еліміздің 17 облысын жаяу аралап, өз атын Гиннестің рекордтар кітабына енгізбекші, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

– Мен туған өлкемнің тарихын өзге облыстарға таныстыру үшін сапарға шықтым. Сол себепті де марафонды «Ұлытауда болдың ба?» деп атадым. Әр өңірдің салт-дәстүрімен танысып, еліміздің қолөнершілері жайлы арнайы мәліметтер базасын құрастыруды жоспарлап отырмын, – дейді Сәрсенбай Оспанұлы.

Жиһанкездің айтуынша, ол күніне 40 шақырым жолды жаяу жүріп өтеді. Солтүстік Қазақстан облысына жетпес бұрын ақсақал 11 облыс пен 15 қаланы басқан. Тайынша ауданына дейін жеткен Сәрсенбай Оспанұлы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, аздап тыныстап алған соң Петропавлға қарай бет алды.

 

-Қызылжардан соң Қостанай облысында аялдаймын. Қазан айында Ақтауға жетемін. Кейін жаратқан күш қуат берсе, Меккеге қажылыққа жаяу аттануды көздеп отырмын», – дейді Сәрсенбай Қотырашев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz