СҚО полиция департаментінде білім беру нысандарындағы бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу мәселесі талқыланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полиция департаментінде білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталығына қосу мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға полицейлер, білім өкілдері, облыс әкімдігі құрамындағы цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім объектілеріндегі бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға немесе полиция бөліністерінің кезекші бөлімдеріне 100% қосу бойынша тапсырманың жүзеге асырылуына баса назар аударатыны туралы атап өтті.

Кеңесте барлық білім беру нысандарының бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймесімен және мамандырылған күзетпен жабдықталуы қажет екені айтылды. Бүгінгі таңда мектептердің біразы бұндай техникамен жабдықталмаған. Іс-шара ұйымдастырушылары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дабыл түймесінің болуы маңызды деп есептейді.

 

-Білім объектілерінде камералар балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін орнатылады. Осы камералар келіп түскен сұрауларға тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Бүгінде облыс полицейлері өңірдегі 200-ден астам мектепті қарай алады (4000-ға жуық камера), — деді СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Михаил Золкин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz