Еліміздің кейбір азаматтары үшін айыппұл төлеудегі 50 пайыздық жеңілдік алынып тасталуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Ішкі істер министрлігінде кейбір қазақстандықтар үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауды жоспарлап отырғаны айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

-ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1 жылда 5 реттен астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауға түзетулер енгізуде, — дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ, министрлік өкілі қала сыртындағы жолдарда «орташа жылдамдықты» асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер қаралып жатқанын да атап өтті.

2022 жылғы 9 қыркүйектен бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енетінін еске салды. Онда мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті қайта айдағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.

Тағы айта кетерлігі, көлік құралын көрінеу жалған құжатпен немесе жалған нөмірмен басқарғаны үшін де жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл салынбайды, оның орнына бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz