СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, картаға халықтың әл-ауқатын жақсартып, бизнес жүргізуде маңызды рөл атқаратын салалар енген.
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысына бағыт-бағдар бермек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдаудың алғашқы бағыттарының бірі — автожолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жұмыстарды жоспарлау және оларды бақылау тетіктеріне жүйелі тәсілді талап ететін мәселелер, — деді превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.