Петропавл полицейлері 6 күн ішінде жол-көлік ережесін бұзған 300-ге жуық фактіні анықтады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық полицейлер 6 күн ішінде жол-көлік ережелерінің 300-ге жуық бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл СҚО-да 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның 40-ында көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Жолдағы қақтығыстардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста шілденің 19-нан бастап «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде.

Әсіресе, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі басты назарда. Айта кететіні, жыл басынан облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 33 апат тіркелді. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 35-і жарақат алған.

-Акция басталғалы тек облыс орталығының аумағында ғана жолда 278 түрлі құқық бұзушылықтар анықталды. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер тарапынан орын алған жол жүрісі ережелерінің 41 бұзушылығы, көлікті масаң күйде басқарудың 6 фактісі тіркеліп отыр. Рөлде отырып телефон қолданғаны үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz