Діни шараларды өткізу туралы әкімдіктерге хабарлап отыру керек

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Діни әдебиетті, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау туралы нұсқаулыққа өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді. Сонымен қатар, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды.

Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:
*өтініш берушінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес ұсынған құжаттарына;

*үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
*үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;
*стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аударылады.
Осыған дейін діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орны әкімдіктермен келісілетін.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында тамыздың 10-на дейін талқылау үшін жарияланды.
Қоса кетейік, діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізу «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 5-бабында көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz