Петропавлдық полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында рейдтер жүргізуде

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық полицейлер жағажайлар мен демалыс орындарында, саябақтар мен кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін жерлерде күшейтілген режімде рейдтер жүргізеді. Аталған шараларға білім және қамқорлық органдарының өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кешкі рейдтердің бірінде қала тұрғындарынан көп қабатты үйдің ауласында жасөспірімдердің спирттік ішімдіктерді ішкендері туралы қоңырау келіп түсті. Ақпаратты тексеру кезінде мас күйдегі 14 жастағы жасөспірім анықталды. Оның ата-анасына қатысты 18 жасқа толмаған тұлғаның қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін хаттама толтырылды.

-Тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізілді, қызметкерлер жасөспірімнің тұрмысын зерделеп, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұдан бөлек, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан балалармен профилактикалық кездесулер, жағажайлар мен шомылуға рұқсат етілмеген орындарда рейдтік шаралар жүргізіледі, — деді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Константин Петров.

Жалпы жыл басынан Петропавлда алкогольдік ішімдік ішкен 40 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнде жүргені үшін 426 заңды өкіл жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта өз беттерімен көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 12 кәсіпкерге айыппұл салынды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz