Биылғы шілде теріскейде өте ыстық, термометр бағаны + 35 градусқа дейін көтерілді. Ыстықтың әсерінен жұрт өзен-көлдерге ағылды. Апаттың алдын алу мақсатында құтқарушылар күн сайын су айдындарында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Күн ысығында төнетін қауіптің бірі – өрт. Жыл басынан бері облыста 394 өрт тіркелді. Нәтижесінде 30 адам қаза тауып, 7 адам жараланған.
— Биыл Қызылжар ауданында 49 өрт тіркелді. Олардың басым бөлігі, яғни 35-і тұрғын үй секторында болған. Бұл жалпы өрттің 76,7% — ын құрайды. Сонымен қатар 7 автокөлік өртенді, 4 орман өрті тіркелді, нәтижесінде 28,3 гектар жасыл желекті алқап отқа оранды, — дейді Қызылжар аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Дулат Шуоманбаев.
Фото: ашық дереккөздерден.