Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақта орналасқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте облыс бойынша 24 адам инфекция жұқтырған.
Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Ғабит Мүсірепов аудандарында 1, Мағжан Жұмабаев ауданында 2, Есіл ауданында 3 адам ауырған. Петропавл қаласында 15 адамның ауырғаны белгілі болды.
Соңғы 2 аптада облыста 185 жағдай тіркелді. 30 маусым–12 шілде аралығындағы кезеңмен салыстырғанда науқастар саны 4,8 есе көбейген .
Жалпы пандемия басталғалы облыста 44605 адам ауруға шалдыққан. Оның 36274 –і ауру белгілері бар науқастар.
Фото: ашық дереккөздерден.