Жазғы уақытта жастарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Жылда өңірде жазғы маусымдық жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта жастар «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласа алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, petropavltv.kz-ке сілтеме жасап.
«Қоғамдық жұмыстар» — халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жобаның бір түрі. Оған қатысушыларға алдын-ала кәсіби дайындық қажет емес. Жыл басынан бері 372 адам осылайша жұмысқа орналастырылған.
— Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз студенттер, жоғары сынып оқушылары тартылады. Жұмысқа тұру үшін үміткерлер құжаттарды бере отырып, жұмыспен қамту орталығына өтінімдерін қалдырады.Өтінімдері қаралып болғанан соң,жұмысқа орналастырылады,-деді Петропавл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Гүлмира Исмаилова.