СҚО-да жыл басынан бері жол-көлік апатынан 19 адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа форматына көшті. Тәртіп сақшылары «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолында қауіпті деген жол учаскелері туралы бейнеподкаст түсірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Түсірілген жерлердің бірі Аққайың ауданындағы Аралғаш ауылының жанында. Бұл жерде малды соғу қаупі жоғары. СҚО ПД патрульдік полиция батальоны инспекторларының айтуынша, өткен айда оқыс оқиға орын алған. Жүргізуші қараңғыда жылқыны байқамай қалған. Салдарынан жылқы мерт болып, көлік істен шықты. Жүргізушілердің назарын аудару үшін жолдың жиегіне қосымша сиыр макеті орнатылған.

Сондай-ақ, Астраханка ауылының маңында орналасқан патрульдік полиция көлігі макетінің қасында, жылдамдық өлшегіштің маңында да түсірілім жұмыстары өтті. Тақта жүргізушінің жылдамдақты сағатына 1 км-ге асырғанын да қызыл түспен көрсетеді. Бұл жерде жолдан өтейін деп тұрған балалардың макеті орнатылған.

 

whatsapp image 2022 07 27 at 19.29.00 1

 

-Бейнежазба YouTube хостингіне салынды. Бұл жүргізушілерді республикалық жолдардағы қауіпті учаскелер туралы хабардар етудің бір тәсілі. Демалыс кезінде жолда әрі-бері жүретін көлік саны артады, жол-көлік оқиғаларының қаупі де өседі. Полиция қызметкерлері апаттың алдын алу бойынша шаралар өткізеді. Мәселен, «Қауіпсіз жол» акциясы шеңберінде тексерістер күшейтіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмысы белсенді жүргізіледі. Жолдағы апаттар көп жағдайда жылдамдықты асыру, маневр жасау кезінде бұзушылықтар жасау, сондай-ақ алыс жолға шыққан жүргізушілердің шаршауынан болады, — дейді СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы Раиль Галиев.

Биылғы 6 айда облыста 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 19 адам қаза тауып, 191-і жарақаттанды. Апаттардың 24-і, орташа есеппен әрбір бесіншісі республикалық маңызы бар автожолда орын алған, онда 8 адам қаза тауып, 49-ы жараланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz