Солтүстікқазақстандық диқандар тұқымға қатысты қандай талап қойып отыр

Авторы: Qyzyljar News

Теріскейлік диқандар Қазақстанға шетелден әкелінген селекциялық тұқым бірден тіркеуге қойылып, сатылымға шығарылуын сұрап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Айтуларынша, сонда ғана бәсекеге қабілетті өнім алуға болады. «Атамекен Агро» компаниясы өңірде дала күнін ұйымдастырып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Оған диқандардан бөлек ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары да қатысты.

Айта кетсек, «Атамекен Агро» — өндірісті арттырып, өнімділікті еселеп отыратын, тұқым шаруашылығын жандандырып, қарқынды дамып келе жатқан еліміздегі еңселі компаниялардың бірі. Бүгінде алқаптардағы дақыл бітік шықты. Мұны ғалымдар да мойындап отыр.

— Бұрын тұқым шаруашылығын дамыту қажет деп айтатынбыз. Қазір барлығы бір жолға қойылды. 4-5 жыл сайын жаңа сұрып шығарылуы тиіс. Және ол қолданысқа барынша енгізілуі шарт. Бұл шаруашылық осы мүмкіндіктерді оңтайлы жүзеге асырып отыр, — дейді Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, селекционер Алексей Моргунов.

Өткен жылы аргохолдинг 750 миллион теңгеге елімізде теңдесі жоқ зауыт ашты. Онда сапалы тұқым дайындалады. Яғни дәндер бірнеше тазалаудан өтіп, сұрыпталады, дәріленеді. Тіпті зиянкестерден арылады. Жылдық қуаты 60 мың тонна.

— 2019 жылы біз «Қазақстанның проблемалық кредиттер қорына» өттік. Яғни аргоқұрылымдарды қолдау бағдарламасының арқасында компания қарқынды дамуға мүмкіндік алды, — дейді “Атамекен — Агро — Корнеевка” ЖШС директоры Александр Фадеев.

Қазіргі уақытта мамандарды шетелдік тұқымдарды сату мәселесі алаңдатып отыр.

— Бұл тұқымдар елімізде бірден тіркеуге қойылмайды. Ол үшін үш жыл уақыт қажет. Салдарынан біз оларды саудалай алмаймыз. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі осы заң жобасын қайта қарастыруы қажет деп ойламаймыз, — дейді “Атамекен–Агро” АҚ өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Ертай Қанафин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz