Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 3095 адам COVID-19 дертін жұқтырды. Науқастардың басым көпшілігі — Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда – 918, Алматыда – 694, Шымкентте – 78, Ақмола облысында – 119, Ақтөбе облысында – 47, Алматы облысында – 101, Жетісу облысында – 129, Атырау облысында – 76, ШҚО-да – 25, Абай облысында – 55 , Жамбыл облысында – 121, БҚО-да – 87, Қарағанды облысында – 327, Ұлытау облысында – 35, Қостанай облысында – 55, Қызылорда облысында – 63, Маңғыстау облысында – 36, Павлодар облысында – 67, СҚО-да – 40, Түркістан облысында – 22 тұрғын сырқаттанды.