Петропавлда есірткі жасаған 20 жастағы жігіт қолға түсті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда синтетикалық есірткі өндіріп, сатқан тұрғынға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Заңға қайшы әрекет еткен қалалық мамырда ұсталды. Тінту барысында өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек табылған. Сонымен қатар, тағы 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс Халтурин көшесі бойындағы тұрғылықты мекенжайынан тәркіленді. Сараптама түйіншектердегі заттың синтетикалық есірткі «спайс» екенін көрсетті. Ал қалғаны — оны дайындауға арналған прекурсорлар болған. Тәркіленген есірткінің саны 200 реттік дозаға жуық, есірткі затының жалпы салмағы шамамен 8 грамм, ол аса ірі мөлшерге жатады. Бұдан бөлек, петропавлдықтың баспанасынан респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

-Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz