Петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы екі кездесудің қорытындысы бойынша Хорватияның мықты «Осиек» клубын жеңіп, үшінші раундқа шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық клубтың сәтті дебюті жанкүйерлерге жақсы эмоциялар сыйлады. Алда кипрлік «АПОЭЛ»-мен екі ойын бар.
Алғашқы матчта «Осиек» 2 гол салып жеңіске жетті. Сырт алаңда 2 доп айырмасымен жеңіске жетіп жатқан команда босаңсымағанда қайтсін, байқаусызда бір гол жіберіп алды. Өз мүмкіндіктерін ұзақ уақыт голға айналдыра алмаған «Осиек» бір шабуылдан қақпасына доп өткізді. Ал одан кейінгі шабуылда Мусса Коне салған доп қазақстандық команданың сенімін еселей түсті.
«Осиек» (Хорватия) – «Қызыл-Жар» – 0:2 (жалпы есеп – 2:3). Енді «Қызыл-Жар» кипрлік «АПОЭЛ» командасымен кездеспек. Ал «Астана мен «Қайрат» командалары еурокубоктағы ойындарын аяқтады.