Жыл басынан бері Петропавлда 49 адам маскүнемдіктен емделуге жіберілді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл полицейлер Петропавлда 49 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуге жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 57 жастағы тұрғыны спирттік ішімдікке сылқия тойып, отбасының мазасын алған. Әйелі мен қызы полициядан көмек сұрап, арызданыпты. Бұл учаскелік инспекторларға маскүнемді мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуге негіз болды. Зордың күшімен медициналық комиссиядан өткен ер адам орталыққа жатпау үшін Петропавлдан кетіп қалған. Осылайша облыс аудандарының бірінде ұзақ уақыт бойы жасырынып жатыпты. Үйіне оралған оған қайта комиссиядан өтуге тура келді. Учаскелік полиция инспекторы оны дәрігерлердің қарауына отбасында жанжал шығарғаны үшін әкімшілік қамақты өтеген кездері апарып жүрген. Нәтижесінде ол сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық орталығына жіберілді.

-Маскүнемдерді қоғамға басқаша қайтара алмайсыз, тек емдеу керек. Шаңырағында туғандарының мазасын алса, зорлық-зомбылық жасаса – бұл мәжбүрлеп емделуге жіберуге негіз бола алады. Бірақ жағдайды бұған жеткізбеген жөн. Мас жанжалқойлардың әрекеті ертелі-кеш тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне алып келеді, соңы ауыр қылмыспен аяқталуы мүмкін. Ащы суға тәуелді жандардың жақындары бұған тосқауыл бола алады. Маскүнемдердің түзелемін деген уәдесі бос сөз екенін түсінген жөн. Бұндай адамдарға мамандардың көмегі қажет, — дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы Рустам Садулов.

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері 49 адамды маскүнемдіктен емделуге жіберді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz