Солтүстік Қазақстан облысының автожолдарында 14 қауіпті учаске бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық полицейлер апаттарды бағалау бағалау және талдау нәтижелері бойынша автожолдардың 14 қауіпті учаскесі көрсетілген карта жасады. Айта кеткен жөн, «Челябі-Новосібір» тасжолының 465-тен 655 км-ге дейінгі бөлігі өте қауіпті болып саналады. Мұнда жыл басынан 13 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан, 3 адам көз жұмып, 29-ы жараланды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдық режімін асырудан, ара қашықтықтың сақталмауынан, жүргізушілердің шаршауы салдарынан болған. Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығының айтуынша, еңбек демалысы кезеңінің басталуына орай қала сыртындағы жолдарда көлік легі арта түскен. Адамдар отбасымен алыс жолға шығып, басқа қалаларға, мемлекеттерге барады. Кейбірі бірнеше көлік болып жиналып, сапар шегеді.
-Көлік тізгініне шаршап немесе ұйқы қанбаған күйде отыруға болмайды. Сондай-ақ жүргізушілер орнатылған жол белгілеріне назар аударуы, белгіленген жылдамдықты асырмауы және арақашықтықты сақтауы тиіс. Жарық шамдарының жұмысын қарап отыруды ұмытпаңыз. Тәуліктің қараңғы кезінде және жаңбыр жауғанда жол қозғалысының басқа қатысушыларына бірден көрінесіз. Жолға шығарда автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қауіпсіздік белдігі мен арнайы балалар орындығын пайдалану керек, — дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Жыл басынан республикалық маңыздағы автожолдарда 39 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 11 адам қаза тапты, 83 адам түрлі жарақаттар алды.