Екі жыл бойы Бөкетов көшесінде Назарбаевтан Жамбылға дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталуға жақын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екі жылдық жоба бойынша Бөкетов көшесінде 520 метрлік нөсер кәріздерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұдан кейін ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға бірден асфальт төсеу мүмкіндігі болмады. Қазіргі уақытта мердігерлер асфальтбетон жабынының төменгі қабатын салуда. Көше жақын арада ашылуы мүмкін.