Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 27 білім беру нысаны жөнделеді. Ауыл мектептерінде оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ғабит Мүсірепов ауданында 4 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілуде. Айыртау ауданында – 3 мектеп, Мағжан Жұмабаев ауданында 4 нысан жаңартылмақ.
Бағдарлама аясында Тимирязев ауданында төрт мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақжар, Аққайың, Есіл, Қызылжар және Жамбыл аудандарында бір-бір нысаннан жөнделеді.
Жалпы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 20 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 7 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса кеткен жөн.