Петропавлдық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында финалға шығып, гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық өнер ұжымы шілденің 22-сі мен 31-і аралығында Калифорниядағы Анахайм қаласында өнер түрлерінің 25-мерейтойлық дүниежүзілік чемпионатында үздік атанды. Талантты жастар АҚШ, Ирландия, Франция, Аустралия, Тайланд, Канада, Германия елдерінің бишілерінен асып түсіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
-Бұл — барша Қазақстанның жеңісі! “Sensitive” би театры мен олардың көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы жеңістерімен құттықтаймыз!-деп құттықтады облыс әкімі Құмар Ақсақалов.