«Qyzyljar» клубы қатарынан төртінші жеңіске жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел біріншілігінің төртінші турында «Qyzyljar» клубы «Ақтөбе» командасына қарсы ойын өткізді. Сырт алаңда өткен матчта жерлестеріміз кезекті үш ұпайын еншіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Премьер-лиганың төртінші туры басталмас бұрын турнир кестесінде ұпай жоғалтпаған төрт команда болды. «Qyzyljar» мен «Ақтөбе» клубтары да бұл тізімде бар еді. Жерлестеріміз доп айырмасы бойынша төртінші сатыға жайғасса, өткен жылдың вице-чемпиондары көш бастап тұрған.

Бірінші таймның алғашқы минуттарынан бастап ақтөбеліктер жақсы ойын өрнегін көрсетті. Олардың әрбір шабуылы қауіп төндірді десе де болады. Бірақ азулы қарсыластарының алдын орауға тырысқан солтүстіктің аяқдопшылары қарсыластарына дес бермеуге тырысты. Нәтижесінде есепті бірінші болып «Qyzyljar» футболшылары ашты. Гол авторы – Лука Имнадзе.

Ойынның екінші бөлігінде жерлестеріміз қарсы шабуылдарға иек артып, бұл тактика 55-ші минутта жемісін берді. Бразилиялық легионер Жозе Витор Пернамбуконың алыстан бағыттаған добы нысанаға дәл тиді. Матчтың 73-ші минутында «Qyzyljar» қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленіп, нүктеге келген Әлібек Қасым мүлт кетпеді. Кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда төреші тағы бір пенальти берді. Бұл жолы «Ақтөбе» клубының ойыншысы ереже бұзды. Юрий Бушман қателескен жоқ.

Осылайша теріскейлік команда ел біріншілігінде қатарынан төртінші жеңіске қол жеткізіп, турнирлік кестеде көш бастады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz