Петропавлда құтқарушы көпірден секірмек болған 4 баланың анасын аман алып қалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда көпірден секірмек болған 4 баласы бар әйелді сол маңда көлігімен өтіп бара жатқан құтқарушы аман алып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушы Евгений Языков әкесімен бірге туған жері Дубровное ауылына туыстарына барып, үйіне қайтып келе жатқан. Петропавлға кіре берісте Есіл өзенінің үстінде жас әйелдің көпірдің жақтауынан ұстап, төмен қарай секіруге оқталып тұрғанын байқап қалған.

-Сосын бәрі кинодағыдай болды. Мен бірден тежегішті бастым, қуанышқа орай менің артымнан ешкім келе жатқан жоқ еді. Есікті ашып, қарсы келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтіп, секіргелі тұрған келіншекке ұмтылдым. Ол да қолын босатты, мен де ұстап үлгердім, — дейді Евгений.

Құқтарушы 32 жастағы келіншекті қауіпсіз жерге шығарып, полицейлерді шақырған.

-Келіншек жылап, секіруге не себеп болғанын, өмір сүргісі келмейтінін айтты. 4 баланың анасы екен. Сол жердегі көлік жүргізушілері де келіп қандай көмек керек екенін сұрады. Полиция патрулі келгенше мен әйелді тыңдап, мүмкіндігінше тыныштандыруға тырыстым, — дейді Евгений Языков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz