«Асар-ume» қоғамдық қоры арқылы 2 солтүстікқазақстандық отбасы баспаналы болды

Авторы: Qyzyljar News

«Асар-ume» қоғамдық қорының «ASAR JOLY» қайырымдылық марафоны аясында 2 солтүстікқазақстандық отбасы үйлі болды. Жанашыр жандар Петропавл қаласы мен Саумалкөл тұрғынының әрқайсысына үй алу үшін 8 миллион теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Қазақстанда «ASAR JOLY» қайырымдылық марафоны өтуде. Жақсылық жасауға жаны құмар жандар Петропавлға да ат басын бұрып, көп балалы екі отбасына баспана кілттерін табыс етті. Тілге тиек етейік, аталмыш ұйым соңғы 3 жылда ел бойынша 400-ден астам аз қамтылған отбасының үйлі болуына себепкер болды.

– Мега-жобаны Нұр-Сұлтан қаласында 16 шілдеде бастадық. Қарағанды қаласын, Нұр-Сұлтан, Көкшетауды өтіп, енді төртінші қала Петропавлға жетіп тұрмыз. Әрі қарай Батыс Қазақстанға жол тартамыз. Тур басталғалы бері біз 69 млн теңге жинадық. 5 отбасына үй сыйладық. 3 әулеттің кәсібіне көмек көрсеттік, — дейді «Asar ume» қайырымдылық қорының президенті Асхат Нұрмашев.

«Asar ume» қайырымдылық қорының өкілдері Петропавлға алғаш рет келіп отырған жоқ. Былтыр күзде тұрғын үй алуға 2 отбасыға 6 миллион, 1 мүгедек қызы бар отбасыға 12 миллион теңге қаржылай көмек көрсеткен. Одан бөлек тұрмыстық техникамен сыйлықтар табыстады.

Ал осы жолы Петропавл қаласы мен Саумалкөл тұрғындарының үйлі болуына септесіп, әрқайсысына 8 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Жергілікті кәсіпкерлер 2 отбасыға ақшалай сертификаттар мен тұрмыстық техника, қажетті заттар сыйлады.

Еліміздің әр өңірінде қордың еріктілері бар. Олар мұқтаж отбасыларды іздеп тауып, көмек көрсету үшін талаптарға сәйкестігін тексереді. Егер мүгедектігі бар, көпбалалы отбасы болса еріктілер Халыққа қызмет көрсету орталығынан олардың мүлкі жоқтығы туралы құжат алады. Кейін қор өкілдері шынымен баспанаға зәру отбасыларды таңдап алады. Тек баспана жағдайын ғана шешпей, білім алуға, кәсібін бастауға, жұмыс табуға да көмектеседі. Қайырымдылық марафонын қолдауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова да келді.

– Солтүстік өңірге келген себебіміз – қайырымдылық марафонын қолдау. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы қабылданған. Соның аясында бірқатар шаралар көзделіп отыр. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, жалақыны көтеру, тағы да басқа жүйелі шаралар бар. Бүгінгі қайырымдылық марафоны жаңа Қазақстанды құрудағы мемлекет пен қоғамның тығыз байланысының жарқын көрінісі деуге болады, — дейді Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz