Петропавлда биыл бірнеше көшелерге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау және Абай көшелерінде жаңа тротуар салынды. Егемен Қазақстан көшесінде де жұмыс басталды. Сонымен қатар, Қазақстан Конституциясы, Абай, Жамбыл және Әуезов көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жоспарланып отыр.
— Тапсырыс орындаушылардың болмауына байланысты әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды жөндеуге қосымша конкурс жарияланды. Бұл мақсатқа бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді, — деді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдын Мәкенов.
Бөкетов, Н.Назарбаев, Кошуков, Парк, Брусиловский көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін 200 млн. теңге бөлінді.
Қала бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы қиыршықтас төселген автожолдардың үлесі 75% — ды, жағдайы нашар жолдардың көлемі 25% — ды құрайды. Әкімдік 20 шақырымға қиыршық тас төсеу үшін үш мердігерлік ұйыммен келісім жасасқан. 31 учаскеде жұмыстар аяқталды. Қазір жұмыс «Солнечный – 2» шағын ауданында жүріп жатыр.