Петропавлда бірнеше жыл бойы кәріз — тазарту құрылғыларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманың ескіруіне байланысты жұмыстар қайтадан тоқтатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов 2019 жылы елдегі барлық кәріз- тазарту құрылғыларын үшін бірыңғай техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу мақсатында кәріз-тазарту құрылғыларын қайта жаңартуға және салуға мораторий енгізілгенін хабарлады. Қазір мораторий алынды, бірақ құжаттаманы жаңарту қажет.
— Петропавлдағы кәріз — тазарту құрылғыларын жаңарту жұмыстары соңғы төртінші кезеңде. Сараптамадан өткен сметалық құжаттама қазір сәйкес келмейді, оны қайтадан жаңарту қажет. Осыдан кейін жоба жергілікті атқарушы органдардың есептеулері бойынша алдағы 2-3 жылда іске асырылып, аяқталатын болады, — деді Азамат Бектасов.
Ғ. Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында кәріз тазарту құрылғылары салынды. Мұндай құрылыс жобасы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында да бар.