Ұялы телефонды шоколад арасына жасырып, колонияға өткізбек болған

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға берілген сәлемдемені тексеру барысында шоколад плиткасының қаптамасына оралған смартфон табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Жазасын өтеушілерге туыстары күн сайын сәлемдеме әкеледі. Азық-түлік, киім және басқа да қажетті заттар салынған орамалар мекеме аумағына кіргізілмес бұрын жіті тексеріледі. Сондықтан да мұндай рұқсат етілмеген заттарды кіргіземіз деп әуре болудың қажеті жоқ. Сәлемдемелерді жіберушілерге тыйым салынған заттарды ішке кіргізуге тырысқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске саламыз, — дейді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов.

Сотталушы шоколадқа жасырылған ұялы телефонды оған әзіл ретінде жиені бергенін айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті материалдар жасалып, одан әрі шешім шығару үшін сотқа берілді.
Бұған дейін көктемде Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесіне 8 ұялы телефонды кіргізбек болғандар ұсталған еді. «Ваз 21099» маркалы автокөлігімен Қостанай облысынан келген 4 адам 8 телефонды, қуаттау құрылғылары мен «SIM» карталарды колония аумағына лақтырмақ болған жерінен қолға түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz