Жамбыл ауданында «Жастар-2022» спартакиадасы өтті. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиылған 18 бен 23 жас аралығындағы 400-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Жастар-2022» спартакиадасының қатысушылары спорттың 5 түрі яғни, футбол, жеңіл атлетика, грек-рим және еркін күрес, жағажай волейболы бойынша сынға түсті. Қатысушылардың арасында талай додада топ жарғандар да болды. Жарыстың ашылу салтанаты орталық алаңында өтіп, оған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысты.
– Жастар арасындағы спорт сайыстары жаңа спортшыларды, мықты жастарды табуға, саалматты ұлт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы жерден Жанат Жақиянов, Данияр Каленов, Аманғали Бекболатов сияқты атақты спортшылар шыққан,- деді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.
3 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Жамбыл ауданы иеленді. Екінші сатыға қызылжарлық жастар жайғасса, үздік үштікті Шал ақын ауданы түйіндеді. Жүлдегерлер кубок, грамота және ақшалай сертификаттармен марапатталды.