Манаш Қозабываев университетінде мыңнан астам студент мемлекеттік грантқа ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанда күні кеше грант иегерлерінің тізімі шықты. Бұл күнді асыға күткендердің қарасы қалың болғаны анық. Қозыбаев университетіне өтініш жазған мыңға жақын жастың айы оңынан туды. Өткен жылға қарағанда биыл мемлекеттен бөлінген грант саны шамамен 300-ге көп.
– 25-ші тамызға дейін құжаттарды қабылдаймыз. Олар “Egov” арқылы қабылданады. Содан кейін олар құжаттардың түпнұсқаларымен университетке келеді. Оқу маусымы 1-ші қыркүйектен басталады,- дейді – М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.
1-ші курс жастары жатақханамен қамтылатынын айта кеткен жөн. Ол үшін қабылдау департаментінің өкілдеріне жолығып, өтініш толтыру қажет. Мамандармен байланысып, істі электронды форматта да тындыруға болады. Студенттер үйінен орын алу 25-ші тамызға дейін жалғасады.
– Биылдыққа университеттің өзінен мыңға жақын адам грант алды. Аризон университетіне 175 студент грант жеңіп алды. Аризон университетіне барам дегендердің қатары өте көп болды. Мыңға жақын өтініш болды деп те айтуға болады,- дейді Гүлмира Оспанова.
Бұдан басқа, “Қазақстан халқына” қоры 10 грант ұсынады. Оған әлеуметтік осал санаттағы талапкерлер қол жеткізе алады.