СҚО-да жыл басынан бері 68 телефон ұрланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 168 ұялы телефон ұрланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шал ақын ауданының 58 жастағы тұрғыны телефоны ұрланғасын полицияға жүгінген. Оның айтуынша, ұялы телефонның жоғалғанын келесі күні ғана байқаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жедел уәкілдер жәбірленушіге шатырын жөндеуге көмектескен 48 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Әйел адам қонаққа кеткен кезде, ер адам ішімдік ішкен. Полицейлер кейін оның ұрланған «Samsung» маркалы ұялы телефонды ауылдастарына төмен бағаға ұсынғанын анықтады. Мән-жайды анықтау барысында, ол кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Хариповтің айтуынша, ұялы телефонды қараусыз қалдыруға болмайды. Өйткені көз алдында жатқан шағын және құнды заттар қылмыскерлердің оңай олжасына айналуы мүмкін.

-Жыл басынан облыста барлығы 168 ұялы телефон ұрлығы тіркелді. Оның ішінде 16-сы қылмыстың ауыр түріне жатады, яғни тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кірумен байланысты жасалған ұрлық,- дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz