Ақмола облысына есірткі тарату арнайы барған 19 жастағы екі ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» республикалық операциясы шеңберінде облыс аумағында синтетикалық есірткілерді жасырушыларды анықтау және олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
-Көкшетау қаласындағы іздестіру жұмыстары барысында есірткі бөлімінің жедел қызметкерлері көрші облыстан есірткі жасыратын жерлерді ұйымдастыру үшін арнайы келген 19 жастағы екі есірткі тасымалдаушыны ұстады. Тінту барысында бір жігіттен құрамында ұнтақ тәрізді консистенциясы бар, ақ түсті, шамамен 10,5 грамм салмағы бар мефедрон психотроптық заты, қызыл түсті оқшаулағыш лентамен оралған 21 «ziplok» қалташасы, сондай-ақ есірткі заттарының орналасу геолокациясының белгілері мен хат алмасулары бар телефондар табылып, тәркіленді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жедел әрекет қызметкерлері телефондарда көрсетілген жерлерге барып, орманда жасырылған құрамында ақ түсті ұнтақты зат бар қызыл оқшаулағыш таспамен оралған үш «бетбелгіні», сонымен қатар жалпы салмағы шамамен 1,5 грамм мефедрон заттарын тауып алып, тәркіледі.
Ұсталғандардың біріне Қазақстан Республикасы ҚК 296 — бабының 4 — бөлігі аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау бойынша айып тағылса, екінші ұсталған адамға қатысты — Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша аз мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау бойынша айып тағылып, сотқа дейінгі іс жүргізу шаралары басталды.
Бүгінгі таңда сараптама жүргізілуде.