СҚО-да орташа жалақы — 232 778 теңге

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да екінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі орташа жалақы 232 мың 778 теңгені құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің ақпаратына сәйкес, бір жыл ішінде номиналды жалақы 22% – ға, нақты жалақы 8% — ға өсті. Орташа жалақы деңгейі бойынша салалар арасында қаржы және сақтандыру қызметінде– 397 мың 261 теңге, тау – кен өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеу саласында — 370 мың 533 теңгені құрады. Бұл салаларда жалақы орташа облыстық деңгейден тиісінше 1,7 есе және 1,6 есе жоғары.

Ең төменгі еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласы мен жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында байқалады. Аудандар арасында ең жоғары орташа айлық Қызылжар және Ақжар аудандарында болса, ең төменгісі – Уәлиханов және Шал ақын аудандарына тиесілі. Ал, Петропавлда орташа жалақы 245 мың 616 теңгені құрады.

Осы тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрап, 14 мың солтүстікқазақстандықтың тұрақты жұмысы жоқ екені анықталды. Жұмыспен қамту органдарында олардың тек 4 мыңнан аса адам ресми тіркелгенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz