СҚО әкімі мектеп тауарларының бағасын қатаң бақылауды тапсырды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне мектеп формасы мен оқуға қажеті заттардың бағасын бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Білім басқармасының басшысы Нәзір Жашибеков әкімдік отырысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мен білім беру үдерісіндегі жаңалықтар және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетілуі туралы баяндады.

— Жалпыға міндетті оқу көмегімен қамтылуы тиіс тоғыз мыңға жуық балаға 37 мың теңге мөлшерінде төлемдер жүргізіледі. Бұған дейін киімдер әр балаға арнайы берілсе, қазір аталған сомаға мектеп формасын өздері сатып ала алады. Мектеп формасының орташа бағасы 17 мың теңгені құрайды. Бөлінген ақша ата-аналардың шоттарына түседі. Біз өңірдегі мектеп формасының өндірушілерімен кездесулер өткізіп, бағалар өспейді деп келістік. Ата — аналар кеңсе тауарларын, аяқ киім, жейделер сатып алуы үшін мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастырамыз, — деді Нәзір Жашибеков.

Өңір басшысы мектеп формасы мен керек-жарақтарының құнын бақылауды тапсырды.
— Аудандар мен қалалардың әкімдері мектеп тауарларының бағасын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргідей қиын жағдайда кейбіреулер бағаны шарықтатып жіберуі мүмкін. Қатаң бақылауды қамтамасыз етіңіздер, — деп тапсырды Құмар Ақсақалов.

pixels иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz