Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілуде. Енді әр облыстың өз уәкілі болып, одан ата-аналар мен балалар көмек сұрай алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Балалардың құқықтары жөніндегі уәкілдер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан жасалатын әрекеттерге немесе әрекетсіздікке шағымдарды қарайтын болады. Сондай-ақ олар балаларды қорғау саласындағы проблемаларды шешу жөніндегі заң жобаларын ілгерілетуге қатысатын болады.
Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына кедергісіз қолжетімділігі болады. Аталған уәкілдер қоғамдық негізде жұмыс істейтін айта кеткен жөн.
— Бала құқықтары жөніндегі өңірлік комиссарларды іріктеу кезіндегі негізгі критерийлеріне үміткердің бала саласындағы, үкіметтік емес ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі немесе қоғамдық қызметі ескеріледі. Тағайындау кезінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша үміткердің қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Бұл балалардың құқықтарын қорғау бойынша тәжірибесі мен өз ұстанымы бар, өңірдегі құрметті және танымал тұлғалар болуы тиіс, — деп атап өтті Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.
Жеті өңірде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен адвокаттар бар.