Көлікке мас күйде отырған азамат ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда мас жүргізуші жауапкершіліктен жалтармақ болған деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда полицейлер «Volkswagen Golf» автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ер адам тәртіп сақшыларын жүргізуші орындығында отырдым, ешқайда барар ойым болған жоқ деп сендірмек болған.
Алайда, полицейлердің айыпталушыға қарсы бұлтартпас дәлелі бар. Бейнежетонға тіркелген видеода көліктің қозғалғаны және түнде тұрақтағы басқа көліктердің жанынына тоқтағаны анықталды. Жүргізуші соттың шешімімен әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлікті басқару құқығынан айырылды.

-Құқық бұзушылардың жауапкершіліктен жалтаруы жиі кездеседі. Бейнежетондар — барлық дауды объективті шешудің сенімді құралы. Аталған факті 19 шілде басталған «Қауіпсіз жол» акциясы аясында анықталды. Осы уақыт аралығында облыс орталығында 26 мас жүргізуші тоқтатылды,- дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Аталған акция аясында полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін және ережені өрескел бұзғандарға ерекше көңіл бөледі. Акция өткізілген уақыт ішінде қала жолдарында барлығы 1700-ден аса түрлі құқық бұзушылық анықталғанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz