СҚО-да ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемін триллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемін триллион теңгеге дейін арттыруды жоспарланып отыр. Бұл туралы республикалық мал өсірушілер слетінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысының мәліметінше, облыста инвестиция көлемі 76 млрд. теңгеден асатын 31 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 17 сүт-тауар фермасы, үш құс фабрикасы, бір шошқа кешені, алты элеватор және басқалары бар.

— Біздің облыста әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жобаларды қаржыландырудың пилоттық бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша 4% жеңілдікпен несие беріледі, оны төлей алмаған жағдайда қарыздарды қайтару үшін 2 жыл уақыт беріледі. Бұл адал кепілдік саясат деп білемін. Аталған тәжірибені республикамыздың басқа да облыстарында қолдануға болады. Мемлекет басшысы елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін қойды. Агроөнеркәсіптік кешендегі барлық жобаларды іске асырудың нәтижесінде азық — түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артады, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтың айтуынша, өткен жылы елімізде 35 сүт-тауар фермасы енгізілсе, оның 10 – ы СҚО-ға тиесілі. Өңір республикада мал шаруашылығын дамыту бойынша алдыңғы қатарда.

Stock иллюстрациялық суреті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz