СҚО полицейлері 4 күнде 12қару тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері 4 күнде 12 қару тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тамыздың 25-нен 28-і аралығында облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның барысында 45 патрон және заңсыз сақталып келген 12 қару, оның ішінде 7 тегіс ұңғылы, 2 травматикалық, 1 ойықты және газды қару, 1 револьвер тәркіленді. Алынған қару сараптамаға жіберілді, заңсыз иелері жауапқа тартылды.

-Қару заңмен белгіленген қатаң тәртіпке сай сақталуы тиіс. Тіркелмеген қару қауіпті: ол жазатайым оқиғаға себепші болуы мүмкін, қолды болып, қылмыста қолданылуы мүмкін. Қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктен қаруды полицияға өз еркімен тапсырғандар ғана босатылады. – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Айта кететіні, жедел-профилактикалық іс-шара барысында 4 тегіс ұңғылы мылтық тапсырылды. Мәселен, Жамбыл ауданының тұрғыны қайтыс болған әкесіне тиесілі болған ТОЗ-БМ мылтығын әкеліп тапсырған. Полицейлер облыс тұрғындарын қауіптен сақтанып, қаруды тапсыруға шақырады. Қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау жұмысы тұрақты негізде жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz