Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшы уланып, біреуі оқиға орнында көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 20 жастағы жұмысшы құрылыс нысанында көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

31 тамыз күні Петропавл қаласының полиция басқармасына Жамбыл көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінен үш қызметкердің денесі табылғаны туралы хабар түсті. Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдығын тазартып жатқан 1994, 2002 және 2004 жылы туған үш жұмысшының қимылсыз жатқаны анықталған. 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болған, қалған екі адам қаланың медициналық мекемесіне жатқызылды.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сараптама тағайындалды.

Істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігер ұйымдардың кінәсі анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz