СҚО-да шамамен 43% немесе 1,3 млн га дәнді және 8% немесе 79 мың га майлы дақыл жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ақпараты бойынша, дәнді дақылдардың өнімділігі 11,5 ц/га, майлы дақылдар-6,7 ц/га құрайды.
Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 4,4 млн га жерден егін оруы тиіс. Оның 3,1 млн. Гектары дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар, шамамен бір млн га –майлы дақылдар, 31,5 мың га – картоп және 5,8 мың га-көкөніс. Егістікке 7,3 мың астық жинайтын комбайн шықты, оның ішінде 3,8 мың өнімділігі жоғары комбайн, 4,7 мың дестелегіш және 5,8 мың жүк көлігі бар. Аграршыларға 78,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, астық сақтауға арналған сыйымдылықтар 6,6 млн. тонна өнім қабылдай алады.
Сонымен қатар, жем дайындау жұмыстары жүріп жатқанын айта кеткен жөн. Биылғы жоспар: 870 мың тонна шөп, 200 мың тонна сүрлем, 195 мың тонна пішен, 800 мың тонна сабан және 780 мың тонна аралас жем алу көзделуде. Жем-шөп құнын арзандатуға 2,3 млрд. теңге бөлінді.