СҚО-да полицейлер көше-жол желісіне 100-ге жуық тексеру жүргізді

Авторы: Qyzyljar News

Оқу жылы басталар алдында әкімшілік полицейлер 100-ге тарта жол-көше желісін тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда «Абайлаңыз – балалар!» іс-шарасының бірінші кезеңі шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі жанындағы Пушкин көшесінің бойында жаяу жүргіншілер үшін батырмасы бар бағдаршам орнатты.

Оқу жылы басталар алдында әкімшілік полицейлер жол-көше желілерін тексеруді күшейтті. Облыс орталығында 162 жаяу жүргінші өткелі бар. Қазіргі уақытта 96 тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша табылған кемшіліктерді жоюға 24 анықтама берілді, оқу орындарына жақын жол мен құрылғыларды күтіп-ұстауға жауапты тұлғаларға қатысты 7 әкімшілік материал жиналды.

22 тамыздан бастап облыс жолдарында мыңнан аса жолда жүру ережелерін бұзу фактісі анықталғанын айта кеткен жөн. Білім күні қарсаңында полицейлер барынша оқу орындарына жақын жерлерде кезекшілік атқарып, Жол қозғалысы қағидалары мен көшедегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін балалар және олардың ата-аналарына жолдағы қауіпсіздік туралы ақпарат берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz